Анамның хаты

Желтоқсан-86. Аяулы анам о дүниелік болып кеткен соң, қоймада жатқан 2002 жылы жазған хатын осыдан 3-4 жыл бұрын ғана тауып алдым. Оқыдым да..... ((( Анаммен түскен соңғы суретім.

Мен, Жуманова Разия Абдрахманқызы, төрт баланың анасымын. Қазіргі уақытта дербес зейнеткермін. 1986 – жылғы желтоқсан оқиғасы кезінде, сол кездегі «Горный Гигант» совхозында, көкөніс-жеміс сақтау базасында жұмысшы болып істедім. 

Жұмыстан қайтып келе жатқанымда Қонаевты (жатқан жері жәйлі болсын) орнынан алып тастапты, алаңға көп қазақтың жастары жиналып жатыр дегенді естідім. Сол күні менің балам Ерлан Әбдірашитұлы Декелбаев «Радиотехника – 4» дүкенінде инженер болып қызмет істетұғын. 17 желтоқсан күні, балам Ерлан түн ортасында кеш оралды. Балам кешіккесін жүрегім толқи бастады. Баламның жүзі өзгерген, танымай кеттім. Түн ортасында, бірнеше рет шоши оянып, таң атқанша ұйықтай алмады. Таңертеңгісін желтоқсанның 18 күні, Ерлан жұмысқа аттанарда: - «Балам! Түнімен шошып ояндың ғой! Не болды саған?» - дегенімде
- «Мама! Алаңда болып жатқан қанды шайқас, жас қыздарымыздың шыңғырған дауыстары түсіме қайта-қайта кіріп ұйықтай алмадым» - деп сонымен сол күйде, жұмысына кеткен еді. Балама содан кейін тыныштық болмады. Жұмысында тексеру, қайта-қайта РОВД-ға, прокуратураға тергеуге шақырту басталды. Осы жағдайдың бәрі анаға оңай тиген жоқ. 24-ші желтоқсан күні балам үйге келмеді. Әкесі іздеп барса қамап қойыпты. Сондағы сол жерде отырған тергеушілер, әкесіне балағаттап, ауыр-ауыр сөздер айтып, ар-ожданын таптап, намысына тиетіндей сөздер айтып, есіктен шығарып жіберген. «Балаңыз хулиган, ұлшыл, нашақор, халық жауы, сотталады. Ал сотталса, ол түрмеден еш уақытта шықпайды, өмір бойы сол жерде отырып шіриді. Себебі сенің балаң Совет үкіметіне қарсы шыққан. Балаңа дұрыс тәрбие бермегенсіңдер» - деген сөздерді естігенімізде тірі өлік болып жүргенімізді сездік. Оның үстіне «Алматыдағы үйлеріңе жер аударамыз» - деген сөздерді де айтып қосып жіберді.
Балам «Радиотехникада» қызмет істеп жүргенінде, жұмыста үлгілі, жолдастарының ішінде қадірлі, орта білімі бар болса да, инженер деген қызметте болды. Жоғарғы оқу біліміне сырттай түсемін деп жүрген. Темекі, арақ дегенді білмейтұғын. Спортпен айналысып жүрген балам бір күннің ішінде қалай ғана нашақор, маскүнем, бұзақы, халық жауы деп атала шықты десеңші. Мен ана ретінде бұның біреуіне де сенгенім жоқ. Совет өкіметінің «әділ» соты баламды жалған қаралағанымен, мен баламды – анасы ретінде ақтап отырмын. Ерлан алты жылға сотталғаннан кейін, бұрын аралсып жүрген адамдар, көршілеріміз, тіпті кейбір туысқандарымыз амандаспай, бізден бет бұрып, қасымызға жоламай, аулақ жүрді. Балам сотталғаннан кейін үш айдан аса хат келмеген күндер де болды. Қайғының үстіне тағы қайғы. Анасы болғаннан кейін неше түрлі жаман ойлар да келді. Оларды айдалаға «халық жауы» ретінде апарып атып тастады ма деген ойда болды. Баламның артынан жылап, еңіреп, денсаулығым болмаса да – Қарағандыға бірнеше рет свиданкаға барып, баламның қатты күйзелісте жүргенін көріп, екі көзім жастан кетпеді. Жоғарыда айтып кеткенімдей, көрген, естіген қорлығымды көтере алмай, приступ болып, бірнеше рет ауруханаға түстім.
Қазіргі уақытта, осының салдарынан ден-саулығымнан айырылдым, ауруханада хронический аурумен тіркеуде тұрамын. Балаларымның бәріне де, қысымдық көрсетті. Көрген-естіген қайғы-қасіретімді бір парақ қағазға айтып жеткізу мен үшін, ана үшін өте қиын. Балам екі жыл бойы түрмеде отырғанда да, түрмеден шыққаннан кейінгі көрген қорлықтарын да көргенімде, екі көзімнен тамшылаған жас кетпеді, ұйқым қашты. Жүйке тамырымның бәрі күйзелді. Менің ден-саулығымды кім қайтарып береді екен? Биыл желтоқсанға 16 жыл болады. Тәуелсіз мемлекет болғанымызға 11-жыл болады. Ерланның сотталғанға дейін істеген қызметі инженер еді. Ал ақталғаннан кейін де оның азаматтық құқығы толық орындалған жоқ, инженерлік мамандығын кім қайтарып береді екен? Өзімді ақтаймын деп он бес жыл бойы күресіп, көрмеген қорлығын көрді. Енді әділдікті «сотта» табамын ба деп жүргенінде, онда да сот әділсіз шешім қабылдап, баламды шығарып салды. Әділдік орнатылу керек.

Ерланның анасы, Жұманова Р.А 08. 12. 2002 жыл.

Erlan Dekelbaev
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста