Абай неге ұлы?

Сөзімізді бастамас бұрын айтарымыз мынау: Әрбір дүниенің қыры мен сыры болады. Сөз деген құдіреттің өзі адам секілді. Формасы болады, мазмұны болады. Сөз мәйегін әр адам әр қалай тереді. Алайда ол сөз, сөз күйінде. Мұны басқа көз қараспен һәм басқа адам айтқан екен деп яки басқа сөзден мүлде ерекше ететін әлемі ол – сөздің астары әм мазмұны. Мазмұн – сөздің жаны. Алысқа орағытпай айтпағымыз: Абай Хакімнің ұлылығын ғақлияларына қарап байқамақ керек. Ерекшеліктерін шама-шарық келгенше там-тұмдап мысал етіп айтармыз. Қателігіміз болса өздеріңізден кешірім сұраймыз, дұрыс ой білдірсек Аллаға шүкір айтудан басқа шарамыз жоқ.
***
Дүниенің жалған екендігінде еш шүбә жоқ. Алайда фәниден қызық іздеген адамдар үшін бұл ойымыз жаңсақ. Мысал келтірейік: Ес білгелі жақсы көріп сыйласар жанашырларымыз жанымызда жүр делік. Күндердің күнінде сол жанға медеу беріп, қуаныш сыйлар бір туысымыз дүниеден өтті. Қане фәнидің мәңгілік бізге деген достығы, жоқ дүние деген опасыз. Мұны біріміз түсінсек, біріміз түсінбеспіз. Түсінген күнде де күйбең тіршіліктің күйзелісімен ұмытып та кететініміз жасырын емес. Абай мұны сіз бен бізден артық түсінген. Тіршіліктің тегіс жолда жүйткіген көлігіндей зулап шығатынын ұқтықпа, ұқпадық па? Пенденің жүрегіндегі дүние Аллаға аян.
***
Абайды ұлы дейміз, неге? Мен бұл ойды жазарда қаламға емес, жүрек пен көңілге ыңғай етіп отырмын. Іске көшелік. Ең бірінші Абай өзге адамдардай емес еді. Бұған дәлел: «...Жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық, қылып жүрген ісіміздің бәрінің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткізбекпіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын» дейді. Осы күнде адамдар осылай ойлай ма екен. Әлде олардың ойы; сол баяғы ақша табу, зәулім үй соғу, қымбат көлік пен сәнді киім бе?! Жоқ, баласының баласына дейін жетерлік байлық жинап кету ме?! Осылай ойлаған ұлы ма? Манағы Абайдай арыдан ойлаған ұлы ма? Саралау оқырманның еншісінде.
***
Екінші уайым қайғысыздығымызға уайым-қайғы қылып онан шығатын һарекет таптық па? Талдап көрелік ендеше: Көбіміздің күлкі турасында айтатынымыз мынау: «Өмір бір-ақ рет беріледі, күліп-ойнап қалайық.» Бұл қай ойдан шығатын қорытынды? Уайымсыздықтың, қайғысыздықтың өзі дерт. Яғни Абай дерттен шығатын емді тап дейді, һәм қыл дейді. Егер ол емделмей дерт күйінде қалса адамзатты мынадай күйге душар етуі мүмкін.
Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық
Аздырар адам баласын
дегені сол қайғысыздық дертінен шығатын қорытынды. Ескерту тағы да Абайдан:
Уайым – ер қорғаны, есі барлық,
Қиыны бұл дүниенің – қолы тарлық.
«Еһе-еһеге» елірме, бозбалалар,
Бұл бес күндік бір майдан ер сынарлық.
***
Үшінші данышпан айтқан «жан құмары мен тән құмары.» Адамдардың көбі біледі екеуін, ажырата да алады. Бауыржан айтқан «ойламаса ми сасиды» деп. Сасыған ми ғана жанның құмарын түсінбейді, сезінбейді. Жан деген – көзге көрінбейтін ғайып дүниенің бір бөлшегі, яғни Жаратқанға жақын. Ал тән деген – түбінде топыраққа баратын форма. Жауап тағы да Абайдан:
Жалығу бар, шалқу бар, іш пысу бар,
Жаңа сүйгіш адамзат, көрсеқызар.
Ар мен ұят ойланбай, тән асырап,
Ертеңі жоқ, бүгінге болған құмар.
Қадір-қасиеті жоқ, лақпа дүниемен былғанба, алдыңда өкініш. Жаратқанға
жақындаудың жолын ізде!
***
Төртінші Абай айтқан есті кісі мен есер кісінің парқы жайында. Данышпан суреттеген есті кісі - «орынды іске қызығып, құмарланып, іздейді екен-дағы, күнінде айтса құлақ, ойласа көңіл сүйсінгендей болады». Ал есер кісі – «орнын таппай, не болса сол, бір баянсыз, бағасыз нәрсеге қызығып, құмар болып, өмірінің қызықты, қымбатты шағын итқорлықпен өткізіп алады екен-дағы, күнінде өкінгені пайда болмайды екен» деп пенделік қағиданы осылай жіктейді. Абай естінің естісі. Ішкі сырым Абайға: ақылсыз пенделердің мынадай ақылды ойлары бар «өмір бір рет беріледі, киіп қалайын, ішіп қалайын, қалтама тығып қалайын, сайып келгенде қолдан келсе, қоншыдан бас» деген пәндәуи қағидаларын қай типке жатқызамыз? Манағы іші былғаныш пікірді айтушылардың парасат таразысы қандай деңгейде болғаны сонда?! Абайдың: «әуелі – пенде адам болып жаратылған соң, дүниеде ешбір нәрсені қызық көрмей жүре алмайды» деген ой тұжырымының өзі жаңағы сөздің қасында жолда қалатын сықылды көрінеді. Әй, Абай-ай ғұмырдан түңілгеніңнің сыры енді белгілі болды-ау. «Кімде-кім жаман болса, замандасының бәрі виноват» дегеніңнің сыры мен сынына енді қанық болғандаймын. Өткенде бір әншінің аузынан «адам секілді өмір сүргіміз келеді, отырыста отырып, ішіп-жеп, демалып» деген былшылды тыңдағаннан кейін мынадай ой түйдім, санасыз жаралған төрт аяқты малдың өзі сүті мен етін, қымызы мен қымыранын еш міндетсінбей береді. Ақылсыз жаралған хайуан ғой деп мұрын шүйіретінімізді айтсаңызшы, адам адамнан қолдау табады деп ойлап ем, қателік екен, жаңағы айтылған жұмыр басты пендеден шыққан сөзден төрт аяқты мал артық. Адам деген – бір боқ көтерген боқтың қабы (Абай) екенін ұмытпағаны жөн. Жөнді жөнсіз пікір айтып адам болғаннан, адыра қал!
***
Бесінші толғамды Абай айтқан ғылым жайлы суыртпақталық. Айналамыздан «білімнің де, ғылымның да саудаға салынған заманы болды» деген сыбыстарды да құлағымыз еститін болды. Күнделікті жаңалықтардың өзі ашып айтатынына қарағанда бұл сөздердің кейбірінде өтірік жоқ. Алайда уақыт өткен сайын көп нәрсенің қадірі кетіп бара жатқаны жұртшылыққа таңсық емес. Әйткенмен бір білетініміз ғылымның қадірі адамдар арасында кетсе де Алланың алдында дәрежесі жоғары екенін біле жүрейік. Шаһкәрім Құдайбердіұлы сөзімізге жан берер:
Ғылымсыз адам – айуан,
Не қылсаң да ғылым біл.
Ғылымға да керек жан,
Ақылсыз болса, ғылым тұл.
Он сегіз мың ғаламды алты-ақ күнде жаратқан Алланың өзі ұлы ғалым десек артық айтпаған болар едік. Ғылым деген қасиетті ұғымды Абайша дәріптесек мерейіміздің үстем болғаны. «...Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты бар. Сол мінез бұзылмасын! Көрсе қызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады.» Арғы жағы ақылдың таразысында.
***
Алтыншы Абайдың өмірден түйгені немесе өлім туралы ойтүйіткілі.
Алдымен ойымызға үндеу салатын бір дүдәмал ой маза таптырар емес. «Тағдырдың жарлығын білесіздер – өзгерілмейді. Пенде де бір іс бар - жалығу деген» жұмбаққа толы бұл сұрақтың жауабына Шәкерімше ақылдың көзімен қараған ләзім. Абай неден жалықты? Адамнан ба, заманнан ба? Біз Абайдың ұлылығының жұмбағын шешуге бір табан жақындаған секілдіміз. Тіршілігі кермек татыған жоқ па? Іштегі дертін бір-ақ сөзбен: «Мен ішпеген у бар ма?» деумен ақырын ғана күрсініс білдірмеді ме?! Абай ағыстың ағынымен емес, сол ағысқа қарсы жүзді. Бұл дегеніміз – адам неғұрлым жалған дүниеге абынса, жарықтық Абай соғұрлым барлығынан жеріп отырды. Қу тағдыр болашағынан мол үміт күттірген, жанына медеу еткен балаларын иненің жасуынан суырғандай ерте алды.
"Адамның бір қызығы – бала деген" демеп пе еді? Алайда сұм ажал қызығынан ерте айырды. Өзі айтқандай: «Тағдырға тәбдил жоқ». Көрер қызық жоқ, ендігі үмітсіздік пен шарасыздық өмірден жалығуға әкелді. Жан дертіне душар болды. Қайраттанды, бірақ сілкіп тастап кете алмады. Ақыры жеңді. «Бірақ осы жалығу деген әр нені көрем деген, көп көрген, дәмін, бағасын – бәрінің баянсызын біліп жеткен, ойлы адамнан шығады. Хаттаки ғұмырдың баянсызын, дүниенің әрбір қызығының ақырының шолақтығын көрген-білгендер тіршіліктен де жалықса болады» деген ащы шындықты мойындайды. Абайдың ұлылығының да сыры осында. Бәрінің баянсыз, жалған екенін ерте түсінді, сөйтті де ақ қағаз бен қара сияны ермек етті. Мақсат – ертеңгі ұрпақ өкінбесін дегені. Дүниеден өтердегі өкініш - ғұмырдың мазағына ұшырау болып есептеледі. Ал дүниеден өтердегі бақыт - ажалдың құшағына құлау. Аманат жанды Аллаға тапсыру. Абай мүмин ажал алқымына тақаған сәтте «келген екенсің ғой» деп езуіне күлкі үйірілуі Алланың сүйген құлы екендігін айғақтайды. Абайдың фәниден кетердегі соңғы сөзі:
Сарыарқаның самалы-ай,
Самалда өскен дүние-ай.
Қорлықта өткен өмір-ай
Өтті деген осыма-ай?
Иә, заңдылық осы. Сол заңдылыққа көндігетін біз жәй ғана пендеміз.
Бағамызды Алла ғана берер!

Әзімхан ИСАБЕК, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті
Abai.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста