"Барыстың" басты ерекшеліктері

"Барыстың" басты ерекшеліктері

Құрлықтық хоккей лигасы аяқталып, Қазақстан құрамасының хоккейшілері бұл күнде Беларусь астанасы Минск қаласындағы әлем біріншілігінде өнер көрсетіп жатыр. Қазірше біздің жігіттердің жағдайы мәз емес. Төрт кездесу өткізген Ари-Пекки Селиннің шәкірттері төртеуінде де жеңіліп қалды. Бірақ, бұл мақалада «Алаш айнасының» тілшісі Қазақстан құрамасы туралы емес, ҚХЛ-да ел намысын абыроймен қорғап, Гагарин кубогының екінші кезеңіне шыққан елордалық «Барыс» клубының маусым барысындағы ең жарқын сәттерін тізіп шығуды жөн көрді.

1. Ари-Пекки Селиннің «Барыс» тізгінін ұстауы
Өткен жылғы маусым аяқталған соң «Барыс» жетекшілері команданың бас бапкері Владимир Крикуновты орнынан босатуды жөн санады. Оған себеп ретінде клуб басшылары команданың Гагарин кубогының бірінші айналымынан аса алмай, ҚХЛ-дегі нашар көрсеткішін айтты. Сөйтті де, маусымаралық үзілісте жаңа бапкер іздеуге кірісті. Десек те, жаңа бапкерді көп уақыт іздеді деп айта алмайыз. 2013 жылдың тамыз айында клуб жетекшілері жанкүйерлерге соншалықты танымал емес финн маманы Ари-Пекки Селинді бас бапкер ретінде таныстырды. Рас, сол кезде көпшілік «Барыс» бұл маманмен ұзаққа шаба алмайды деген пікір айтты. Бірақ, іс жүзіне келгенде бәрі де керісінше болды...
2. ҚХЛ-дегі көшбасшылық
Жаңа бапкер келген соң «Барыстың» екінші демі ашылып, қарсылас шақ келтірмейтіндей дәрежеге жетті. Тіпті, өткен жылдың қазан айында «Барыс» Мәскеудің «Спартагын» түзде жеңіп, Құрлықтың хоккей лигасының бірінші сатысына да көтерілді.
3. Антроповтың команда қатарына қосылуы
Мұхиттың арғы жағындағы Ұлттық хоккей лигасында Қазақстан хоккейшілерінің ішінде аса жоғары деңгейде өнер көрсеткен Николой Антроповты маусым басында туған еліне қайтып келеді деп ешкім де ойлаған жоқ. Оның үстіне Николайдың жасы 30-дан асып та кеткен. Бірақ «Барыстың» менеджменті хоккейшілердің жас ерекшеліктеріне емес, оның ойын мәнеріне қарайтындықтарын алға тартып, Антроповпен екі жылдық келісімшартқа отырды. Бейресми ақпарат бойынша, бұл хоккейші астаналық команда сапында жылына 4 миллион доллар жалақы алады екен. Бұл – клуб тарихындағы ең қымбат жасалған келісім-шарт.
4. «Барыстың» жүзінші шайбасын Жайлауов соқты
Жаңа бапкердің бастауымен өткен маусымда ҚХЛ-де бірінші болып 100 шайба мәресінен бірінші болып өткен «Барыс» ұжымы болды. Жүзінші шайбаны елордалық клуб ҚХЛ-дегі 27-ші ойынында Праганың «Лев» командасының қақпасына соқты. Бұл шайбаның авторы – Талғат Жайлауов.
5. Боченскийдің мергендігі
Былтырғы маусымда «Барыс» лигадағы ең көп шайба соққан командалардың тізімінде алғашқы үштіктен ойып тұрып алды. Ал, елордалық ұжымның шабуылшысы Брендон Боченский өткен жылдың желтоқсан айында ҚХЛ-дің мергендер тізімінде көш бастады. Бірақ, маусым соңында жарақат алып қалып, мұз айдынға көп шықпай, мергендер тізімінде ұзақ уақыт бірінші орында тұра алмады.
6. Еремеевтың рекорды
Өткен маусымның қорытындысы бойынша «Барыстың» үздік ойыншыларының бірі деп сөзсіз Виталий Еремеевті айтуға болады. Виталий елордалық командамен Гагарин кубогының екінші кезеңіне шығып, қазақстандық ойыншылар арасында плей-офф кезеңінде ең көп ойнаған хоккейші ретінде тіркелді. Ол осы уақытқа дейін плей-офф кезеңінде 81 ойын өткізіп, оның 7-інде қақпасына гол жібермеген.
7. Плей-офф кезеңінің екінші раундына шығу
Негізі, «Барысты» ҚХЛ-де өнер көрсететін клубтардың ішінде ең тұрақты команда десек болады. Бұл лигада алтыншы жыл қатарынан өнер көрсетіп келе жатқан Қазақстан клубы тұрақты түрде плей-офф кезеңіне шығып келеді. Дегенмен, соңғы бес жылдың ішінде «Барыс» бірінші кезеңінен аса алмаған еді. Ал, Пекки Селиннің келуімен астаналық команда бұл белесті бағындырып, өз тарихынды тұңғыш рет плей-офтың екінші раундына шықты.

P.S. Құрлықтық хоккей лигасының аяқталғанына біршама уақыт болды. Бірақ, «Барыстың» ойыншылары дем алып жатқан жоқ. Бүгінде астаналық клубтың көптеген ойыншылары Беларусь елінде өтіп жатқан әлем чемпионатында ел намысын қорғап жүр. Бұл әлем біріншілігі біткеннен соң, екі апта дем алып, біздің хоккейшілер ҚХЛ-дің жаңа маусымына дайындықты бастайды. Айтпақшы, жаңа маусымнан бастап «Барыс» сапына «жаңа қазақ» Кевин Даллмэн де қосылады. Ол елордалық ұжыммен екі жылдық келісімшартқа отырды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста