Мен қазіргі мемлекеттік жұмысымнан босап, басқа салаға ауысқалы жатырмын. Білгім келетіні – жұмыстан шығуға байланысты өтемақы төлемі қалай жүзеге асырылады?
Алмас САЙЛАУБАЙҰЛЫ, Алматы
ҚР Еңбек кодексінің 110-бабына сәйкес, еңбек шарты тоқтатылған кезде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған күндерi үшiн өтемақы төлемi жүргiзiледi. Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай тәртібі «Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай ережесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы №1394 қаулысымен айқындалады. Ережеге сәйкес, бес күндік, сондай-ақ алты күндік жұмыс аптасында орташа айлық жалақыны есептеу белгіленген қосымша ақылар мен үстемеақылар, сыйлықақылар және еңбекақы төлеу жүйесінде көзделген тұрақты сипаттағы басқа да ынталандыру төлемдері ескеріле отырып, тиісті кезеңдегі орташа күндік жалақының есебінен нақты жұмыс істелген уақыт үшін жүргізіледі. Орташа жалақыны есептеуде Ережеге қосымшасына сәйкес, тұрақты сипаттағы емес төлемдер ескерілмейді. Қызметкердің орташа жалақысы орташа күндік жалақыны оқиға кезеңіне сәйкес келетін жұмыс күндерінің санына көбейту жолымен есептеледі. Орташа күндік жалақы барлық жағдайларда есепті кезеңде есептелген жалақы сомасын жұмыс уақыты теңгерімін негізге ала отырып, тиісінше бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасының жұмыс күндері (сағаттары) санына бөлу жолымен анықталады. Егер есеп айырысу кезеңі жұмыспен толық өтелмесе, онда орташа күндік жалақы жұмыс істелген уақыт үшін есептелген жалақының сомасын осы жұмыс істеген уақытқа сәйкес келетін бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасының жұмыс күндері санына тиісінше бөлу жолымен анықталады.
Жұмыстан шыққан адамға өтемақы қалай төленеді?
Последние статьи автора