Cынақ мерзімінен өтіп, жұмысқа қабылданатын болған соң, кадрлар бөлімінен талап етілетін құжаттар тізімін берді. Тізімде жолдама да бар екен. Жолдаманы алу үшін жұмыспен қамту орталығына барсам, тізімде сегіз адам бар екенін және комиссия құрылып, отбасы жағдайына байланысты жолдама берілетінін айтты. Жұмысқа орналасу үшін жұмыспен қамту орталығының жолдамасы болуы міндетті ме?
Дәркен Дүйімбаев, Оңтүстік Қазақстан облысы
Сарапшы мамандардың мәліметіне сүйенсек, ҚР Еңбек кодексінің 31-бабына сәйкес, еңбек шартын жасау үшiн мынадай құжаттар: 1) жеке басының куәлiгi немесе төлқұжаты (он алты жасқа толмаған адамдар үшiн — тууы туралы куәлiгi); 2) ықтиярхаты немесе азаматтығы жоқ адамның куәлiгi (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшiн); 3) тиiстi бiлiмдi, дағдылар мен машықтарды талап ететiн жұмысқа еңбек шартын жасасу кезiнде бiлiмi, бiлiктiлiгi туралы, арнаулы бiлiмi немесе кәсiптiк даярлығының болуы туралы құжат; 4) еңбек қызметiн растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшiн); 5) әскери есеп құжаты (әскери мiндеттiлер мен әскери қызметке шақырылуға жататын адамдар үшiн); 6) алдын ала медициналық куәландырудан өткенi туралы құжат (осы кодекске және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, осындай куәландырудан өтуге мiндеттi адамдар үшiн); 7) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн және әлеуметтiк жеке код беру туралы куәлiктердiң көшiрмелерi қажет. Жұмыс беруші осы баптың 1-тармағында көзделмеген құжаттарды талап етуге құқылы емес. Ал жұмысқа орналастыру жолдамаларын жұмыспен қамту органдары оларды жұмыссыз ретінде ресми түрде тіркелген жұмыссыз азаматтарға береді.
Жұмысқа орналасу үшін жолдама болуы міндетті ме?
Последние статьи автора