Бүгінгі таңда йод жетіспеудің салдарынан зоб ауруы көбейіп кетті. Балаларды осы аурудан сақтандыру үшін қандай алдын алу іс-шараларын жасаған дұрыс?
Майра ОРЫНЖАНҚЫЗЫ, Шығыс Қазақстан облысы
Қазіргі уақытта йодтың жетіспеушілігін реттеудің екі әдісі бар: кең тараған тағам өнімдерін (тұзды, нанды, суды, сүтті) йодтау және медикаментоздық препараттар (калий йодидін, антиструминді, йодталған майды) қолдану.
Алайда тұзды сақтау ережелерін қадағалағанның өзінде, ондағы йод мөлшері біртіндеп азаяды да, алтыншы айға қарай толық жойылады. Сондай-ақ қыздырғанда, күн сәулесі әсер еткенде, жоғары ылғалдық не күшейген аэрация кезінде де йодтың жойылатыны анықталған.
Йодталатын тағам ретінде нанды пайдалануға болады. Ол – күнделікті сұраныстағы тағам. Нанды йодтау халықтың тағамдық мәзірін байыту үшін қажет. Балалардың йодқа деген сұранысының жоғары болуына байланысты йодталған ас тұзымен бірге балалар ұжымында микроэлементтері, соның ішінде йоды бар препараттарды қолдану жолымен балаларға – аптасына түймедақтың 1/2 бөлігін, 7 жастан үлкендерге аптасына бір рет 1 түймедақтан беріп отырған жөн.
Кей елдерде мектеп оқушылары арасында жемсаудың алдын алу йодталған кәмпиттерді, шоколадтарды қолдану арқылы жүзеге асырылады.