Жер сілкінісінің не себептен болатыны ғылымға белгілі ме? Тағы бір білейін дегенім – әдетте зілзаланы қуатына қарай жіктейді, ал оны пайда болу себебіне қарай жіктей ме?
Берік ТІЛЕУБЕРГЕНОВ, Алматы облысы
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мамандарының мәліметінше, жер сілкінісінің себептері әлі күнге дейін беймәлім. Үш ғасыр бұрын ғалымдар жер қыртысының сілкінуіне тау жыныстарының жарыла сырғуы себеп болатынын топшылаған. Жарықтар көп болса, жерасты дүмпулерінің қуаты да соғұрлым күшті болады деп есептеледі. Зілзаланың, негізінен, таулы аймақтарда болатыны бұл пікірге жан бітіреді. Тағы бір топшылаулар бойынша, жер сілкінісі жер қойнауына жиналып қалатын энергиялардың қайта босауынан болады. Энергиялардың бөлінуі жер плиталарының шашырауына, жер бетінің деформациясына соқтырады. Жер сілкінісін пайда болу себептеріне қарай былайша жіктейді: 1) табиғи; 2) адамның әрекетінен болатын; 3) тектоникалық; 4) жанартаулық; 5) опырылулардан болатын; 6) плиталардың шетінде болатын; 7) плиталар ішінде болатын.
Зілзала не себептен болады?
Последние статьи автора