Қазан төңкерісі жылдарында Жетісудан Қытайға қарай ауған адамдар көп болған. Олардың саны қанша еді?
Нұрлан, Алматы обл
Жетісу облысының (оның құрамына қырғыз елінің Пржевальск және Пішпек уездері енген) жергілікті халқының төрттен бір бөлігі, яғни шамамен 300 000 адам Қытай территориясына қуып тасталынды. М.Тынышбаевтың есебі бойынша Жетісу облысына қарасты Алматы, Жаркент, Пішпек, Пржевальск уездеріндегі 44 облыс елде тұратын 47 759 түтіннің 40 250 түтіні Қытай асқан. («Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы. Жетісу-Ыстықкөл қасіреті: 1916-1920 ж.ж. Алматы, 2007 ж, 2-том, 251-253-бет).
Жетісу қазақ комитетінің (1917-1919) төрағасы Ыбырайым Жайнақовтың көрсетуі бойынша, 1916 жылғы тамыздағы қақтығысы нәтижесінде облыста 15 мың қазақ және қырғыз отбасылары жойылып кеткен, ал 60 мың отбасының мүлкі мен шаруашылығы талан-таражға түскен («Түркістан», 2009, 22 мамыр). Бұл, шын мәнінде, өлке жұртының «Ақтабан шұбырындыдан» кейінгі уақытта басына түскен қасіреті еді (Сауалға тарихшы Тілеу Көлбаев жауап берді).
Жетісудан Қытайға ауған қазақтар
Последние статьи автора