Жер бетінен жойылып бара жатқан халықтар
Осы әлемде жоғалып бара жатқан халықтар туралы көп айтылады. Алайда нақты қай халықтардың жер бетінен жоғалып бара жатқанын онша біле бермейміз. Қазір қай халықтар жойылып бара жатыр?
Қасымбек Нышаналы, Алматы облысы
Рас, жұмыр жердегі жойылып бара жатқан халықтар туралы деректер де тым көп емес. Дегенмен қолда бар мәліметтерге жүгінсек, жоғалып бара жатқан халықтардың көбі Ресейде, әсіресе, Дағыстанда, Сібірде екен. Сонымен, алеуттер (9000 адам), арчиндер (1000 адам), ахвахтар (8000), багуларлар (5000 адам), бежтиндер (9000 адам), ботлихтар (6000), водьтар (100 адам), гинухтар (600 адам), годобериндер (3000 адам), дидойлар (7000 адам), долғандар (6200 адам), ижоралар (450 адам), ительмендер (2500 адам), каратиндер (6400 адам), кеттер (1000 адам), коряктар (9200 адам), кубачиндер (1900 адам), ливалар (150 адам), мансилар (11000 адам), нганасандар (1200), негидальдар (600), ненцылар (41000), нивхилер (4600), оропомдар (?), орочилар (900), селькуптар (4200), тофаларлар (700), удиндер (8000), удэгэйлер (1700), ульчилер (2900), хваршиндер (2000), чамалалар (9500), энцылар (200), эскимостар (1700), юкагирлер (1100 адам) т.б. жер бетінен жойылып бара жатқаны өкінішті.