Зекетті пітір-садақамен қатар Рамазан айында беру керек пе?
Ержан Әбілсейіт, Шымкент
Зекет міндетті түрде ораза кезінде берілсін деген талап жоқ. Бірақ барлық айлардың сұлтаны – Рамазанда жасалған құлшылықтарға Алла тағала еселеп сауап жазатындықтан, осы айда беріп үлгерген жақсы саналады. Бір хадисте Мұхаммед пайғамбар «Рамазан айында бір жақсы іс жасаған адамға Алла тағала басқа айларда парыз істі орындағанның сауабын береді. Ал парызды орындағанға басқа айларда жетпіс парыздың сауабын жазады» деген. Демек, осы айда жай садақа жасаған кісі басқа айда зекет бергендей, ал зекет берген адам жетпіс рет жасалған зекеттің сауабын алады.