Зекет қандай мөлшерде берілуі тиіс?

«Зекет - малдың кірі», «зекет берген сайын ырыс арта түседі» деген сөздерді естіп өстік. Қазіргі өлшеммен алғанда кімдер зекет беруі тиіс? Дәулет мөлшері қалай анықталады?

Арман ҚҰМАРОВ, Алматы

Бұл сұраққа теология ғылымдарының докторы Мұхиддин Иса мырза жауап берді. Зекетте қой мен ешкі бірге саналады. Ұсақ мал тұяғы 40-тан асқан адам оның біреуін, 30 сиыр үшін екі жастағы бір еркек тананы, бес түйе үшін бір қойды мұқтаж жандарға беруі керек. Мал саны бұған жетпейтін жандарға зекет тарату шарт емес. Жылқыдан зекет берілмейді, оның құны саналып, қырықтан бірі ақша түрінде таратылады. 86 грамм алтын құнына парапар қаражаты бар әрі осы дүние бір жылдан бері күнделікті тұрмыс қажетінен тыс, бос тұрған болса зекет берілуі тиіс. Қазір 1 грамм алтын құны – 4200 теңге (ред.үштік унция- 940$), 86 грамыңыз – 361 мың теңге шамасында. Осы қаржының қырықтан бірі, яғни 9 мың теңгесі зекет мөлшері болады. Зекет қайырлы болуы үшін хадистерде оны дінге жақын, иманды, білім жолында жүргендерге, бала-шағасы көп болып немесе денсаулығының жоқтығына байланысты асырап-сақтауда қиналып отырған отбасыларына беру туралы айтылған. Оны міндетсімей, алушы жақтың көңілін кірбің түсірмей ұсынған абзал.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста