Мен мамыр айында жасыма байланысты зейнеткерлікке шығамын. 2010 жылдың желтоқсан айында кезекті еңбек демалысын алған болатынмын. Осы орайда менің білгім келгені, зейнеткерлікке шыққан кезде осы жылғы ақылы еңбек демалысын алуға құқығым бар ма?
Сәлима КЕНЖЕБЕКОВА, Алматы облысы
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сарапшы маманының мәліметіне сүйенсек, Еңбек кодексінің 105-бабына сәйкес, қызметкерге жұмыс істеген бірінші және келесі жылдары үшін жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі. Демек, еңбек демалысын беру мәселесі тараптардың келісімі бойынша, зейнеткерлікке шығу күнін ескере отырып шешіледі. Бұл ретте, зейнеткерлік алдындағы еңбек демалысы қызметкердің алдында пайдаланған демалысынан кейін нақты атқарылған жұмыс уақытына пропорционалды мөлшерде берілуі тиіс.
Зейнеткерлікке шыққан кезде еңбек демалысын алуға құқығым бар ма?
Последние статьи автора