Сүйген жігітім екеуміз некелеспей жатып, ол сотталып кетті. Арада бірнеше жыл өтті. Оның бостандыққа шығуына әлі бірнеше жыл бар. Біз ол күнді күтпей-ақ некелесе аламыз ба? Осындай себепті ескеріп, оны уақытша босата ала ма?
Динара Байдрахманова, Алматы қаласы
ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мамандарының айтуынша, түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқандарға некеге тұруға болады. Ол үшін сотталған азаматтың қалыңдығы жергілікті жердегі АХАЖ бөліміне қажетті құжаттарды өткізіп, той күнін белгілейді. Белгіленген күні АХАЖ қызметкері түзеу мекемесіне барып, салтанатты түрде жастардың некесін қияды. Бұл күні түрмеге қалыңдықпен бірге оның жақын адамының кіруіне рұқсат етіледі. Неке қиылған соң жазасын өтеуші мен қалыңдығына үш күн бірге болуға мүмкіндік беріледі. Ол үшін түзеу мекемесінен арнайы бөлме қарастырылған. Мұндай себеппен жазасын өтеуші уақытша бостандыққа жіберілмейді.
Жазасын өтеп жатқан адаммен некелесуге бола ма?
Последние статьи автора