Жауапты хатшының өкілеттіктері қандай?

Елімізде әкімшілік реформа аясында орталық атқарушы органдарда жауапты хатшы лауазымы енгізіліп, жұмыс істеп келеді. Жауапты хатшының өкілеттігіне қандай мәселелер кіреді?
Нұрбек,
Алматы облысы
«Қазақстан Республикасы Прези­ден­тінің кейбір Жарлықтарына өзге­ріс­тер мен толықтырулар енгізу туралы» Қа­зақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 16 қарашадағы №435 Жар­лығы жауапты хатшы мен мем­ле­кеттік орган басшысының өкілеттігін нақ­ты межелейді. Аппараттың қызметі мен кәсіби жұмысын ұйымдастыру жа­уапты хатшының негізгі міндеті бола­ды. Ол үшін оған қажетті өкілеттілік бе­ріледі. Осылайша жауапты хатшы кадр, қаржы, заңгерлік, әкімшілік, құ­жат­тамалық, ақпараттық қамтамасыз ету саласындағы құрылымдық бөлім­ше­лер қызметіне, сондай-ақ орталық ат­қарушы органда мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі бірыңғай саясаттың іске асырылуына жетекшілік етеді. Мем­лекеттік сатып алу саласында жа­уапты хатшының өкілеттіктері (мем­ле­кеттік сатып алудың жылдық жоспарын, кон­курстық комиссияның құрамын жә­не конкурстық құжаттаманы бекіту) сатып алуды ұйымдастыру мәселе­ле­ріне қатысты болады. Жауапты хат­шының өзі жүргізетін мемлекеттік сатып алу тиісті атқарушы органның қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша ғана жүзеге асырылады. Жауапты хатшы: мемлекеттік бас­қа­рудың тиісті салаларындағы (ая­сын­дағы) саясаттың іске асырылуын қам­тамасыз етеді; өз құзыреті шегінде мем­лекеттік органның бірінші бас­шы­сының актілері мен тапсырмаларын орын­дайды; орталық атқарушы орган­ның аппаратында басшылықты жүзеге асырады; оның бөлімшелерінің жұмы­сын ұйымдастырады, үйлестіреді және ба­қылайды.
Жарлыққа сәйкес, жауапты хатшыға мем­лекеттік орган басшысының мін­детін, сондай-ақ жауапты хатшының мін­деттерін мемлекеттік органның бас­шысына және оның орынбасарларына жүк­теуге жол берілмейді. Жауапты хат­шыға сәйкес келмейтін функциялар мен тапсырмалар беру мүмкіндігі бол­ды­рылмайды. Жауапты хатшы уақытша бол­маған кезеңде (демалыстар, іс­са­пар­лар, сырқаттану және т.б.) тиісті бұй­рықпен оның өкілеттігі өзіне қа­рас­ты департамент басшысына жүктеледі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста