Жас самбошылар Жетісу боз кілемінде белдесті

Жас самбошылар Жетісу боз кілемінде белдесті

Спорт түрлері ішінде самбоны ерекше ұнатамын. Ресей телеарналарынан самбо белдесулерін үзбей көремін. Өкінішке қарай, бізде самбо көп насихатталмайды.   Мысалы, жақында Талдықорғанда самбодан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты өтуі керек еді. Алайда бірде-бір отандық БАҚ осы біріншілік туралы ақпарат таратпады. Мүмкін болса, осы чемпионаттың қорытындысы туралы ақпарат бере аласыздар ма? Сіздердің газеттеріңіз самбо белдесулері жайлы жиі  жазатындықтан, сіздерге жүгініп отырмын.
Мұрат Зекенұлы,
Алматы қаласы

Самбодан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты Жетісу өңірінің бас қаласындағы «Өркен» спорт кешенінде ойдағыдай өтті. Толық мәліметті білу үшін Алматы облысы самбо федерациясының президенті Болат Қожахметовқа хабарласып, төмендегідей жауап алдық:
– Бұл біріншілікке еліміздің 11 облысынан 150-ге жуық самбошы қыз-жігіттер келді. Екі күнге созылған белдесулер қорытындысы бойынша мына жігіттердің бағы жанды: Мадияр Нұрбеков (52 келі), Қан Қуаныш (57 келі), Ердос Қалдыбаев (62 келі), Әлімжан Әбдірайымов (74 келі), Саят Шәмшиев (82 келі), Руслан Абдулахат (90 келі), Жомарт Фазилов (100 келі) және Айдос Қаңлыбаевтар (+100 келі). Сонымен қатар қыздарымыз да 9 салмақ дәрежесінде ел чемпиондарының есімдерін анықтады, – деді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста