«Жас Отан» қашан құрылды?

Елдегі бас партияның жастар қанаты қашаннан бастап құрылды? Қандай жобаларды іске асырды?
Абзал,
Талғар
«Нұр Отан» халықтық демокра­тиялық партиясының «Жас Отан» жас­тар қанаты 2008 жылғы 14 ма­мыр­да Астана қаласында «Жас Отан» ЖҚ I съезінде қоғамдық бір­лес­тік тұлғасында құрылған. Ұйым­ның облыстық, Астана және Алма­ты қалалық филиалдары, сон­дай-ақ қалалық және аудандық дең­гейде бөлімдері бар. «Жас Отан» Жастар қанатының Орталық ке­ңесіне Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Парламенті Мәжілісі мен бар­лық деңгейдегі мәслихат депу­тат­­тары, үкіметтік емес ұйымдар­дың жастар көшбасшылары, жас спорт­шылар мен мәдениет қайрат­кер­лері кіреді.
2008 жылдың 17 қаңтарында Пре­зидент Н.Назарбаев «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінің оты­рысында көктемде «Нұр Отан» ха­лық­тық демократиялық партия­сы­ның «Жас Отан» жастар қана­тының съезін өткізу туралы ұсыныс берді. 2008 жылдың 14 мамы­рын­да Мемлекет басшысы, пар­тия төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының «Жас Отан» жастар қанатының» I съе­зі өтті. Осы кезге дейін «Жас Отан» ЖҚ «Жастар – Отанға!», «Жас­тар кадрлық резерві»,  «Еркін пікір» мобильді пікірталас алаңы, «Дип­ломмен – ауылға!», «Қазақ­ша сөйлесейік!» республикалық қо­ғамдық акциясы сияқты арнайы жо­ба­ларды жүзеге асырды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста