Әдетте көп елдер Жапонияны үлгі етеді. Алайда аталған елде соңғы он бес жыл бойы экономикалық өсім болмапты. Бұл қаншалықты дұрыс ақпарат?
Ержан, Алматы
Қазір Жапония әлемдегі ең бай 10 елдің қатарына енеді. Алайда түрлі факторларға байланысты оның әлсірей бастағаны айтылуда. Мысалы, 2014 жылы Жапония мемлекеті ЖІӨ көлемі бойынша төртінші орынға түседі делінеді. Оның орнына Үндістан шығады. Ал Century Public Policy зерттеу орталығының есебінше, 2050 жылы Жапония мемлекеті дамыған елдердің қатарынан түсіп қалады. Жапонияның экономикалық жағынан әлсірей бастауына жұмыс күшінің азайып бара жатуы себеп болып отыр делінеді.
Жапония 1970-1980 жылдардан бастап әлемдегі жетекші елдердің қатарына енген болатын. Тоқсаныншы жылдары ЖІӨ көлемі бойынша АҚШ-тан кейін тұрған қуатты, бай мемлекетке айналды. Соңғы 15 жылда Жапонияда экономикалық өсім болды. Бірақ ЖІӨ көлемі 20 пайызға ғана артқан. Бұл көрсеткіш Жапония үшін төмен болып есептеледі. Ал мемлекеттік қарызы бойынша әлемдегі дамыған мемлекеттердің арасындағы ең үлкен көрсеткіш болып есептеледі.
Жапония құлдырауды бастан кешіруде
Последние статьи автора