Жаңа Зеландия – жемқорлықтан ең таза ел
Биыл жемқорлық индексі бойынша әлем елдерінің тізімі жария етілді ме? Жемқорлықтан ең таза ел және жемқорлыққа әбден батқан ел қайсы?
Жамбыл Олжасбай, Талғар
Халықаралық Transparency Іnternatіonal ұйымының 17 бағыт бойынша жүргізген зерттеуінің нәтижесінде әлемдегі 183 мемлекет арасында Жаңа Зеландия жемқорлықтан ең таза ел болып танылды. Жемқорлықтан ада елдердің қатарына Дания, Финляндия, Швеция, Сингапур, Норвегия, Нидерланды, Австралия, Швейцария және Канада кіріп отыр. Посткеңестік елдердің ішінде Литва 50-ші, Грузия 61-ші, Ресей 143-ші, 2,7 балл көрсеткішпен Қазақстан 120-шы, Түрікменстан 178-ші, Өзбекстан 179-шы орында келеді. Сондай-ақ жемқорлық терең тамыр жайған елдер қатарында Ауғанстан, Бирма, Солтүстік Корея, Ауғанстан, Бирма, Солтүстік Корея аталды. Ең жемқорлық жайлаған ел ретінде Сомали танылып отыр.