Соңғы кездері «зайырлы мемлекет» деген термин көп айтылады. Жалпы, зайырлы мемлекет дегеніміз не? Оның қандай ерекшелігі бар?
Назар Бақберген, Тараз
Зайырлы мемлекет дегеніміз – мемлекетті шіркеуден бөлу нәтижесінде пайда болған, қоғамдық қатынастар діни нормалар негізінде емес, азаматтық негізде реттелетін, мемлекеттік органдардың шешімдері діни тұрғыдан шығарылмайтын мемлекеттің сипаты.
Зайырлы мемлекеттің заңнамасы толықтай немесе ішінара діни нормаларға сәйкес келуі мүмкін, оның зайырлылығы діни түсініктерге қарама-қайшылықпен емес, одан азат болуымен анықталады. Зайырлы елде әрбір адам ешқандай діни институттарға қатыссыз өмір сүруге құқылы. Мысалы, некені тіркеу және әділ сот жүйесі мемлекеттің айрықша құқығы болып табылады. Сол сияқты зайырлы елде барлық конфессия өкілдері заң алдында бірдей. Діни мерекелер халықтың дінге сенуші бөлігіне қолайлы жағдай жасау мақсатында демалыс күні ретінде бекітілген. Көптеген мұсылман елдері зайырлылық қағидаларына сай келмейді. Мысалы, Сауд Арабиясы мен Иран теократиялық ел болса, Малайзия зайырлылықтан біртіндеп бас тартуда (діни полиция құрылды), ал Түркия мен ТМД-дағы мұсылман елдері зайырлы болып есептеледі.
Зайырлы мемлекет деген не?
Последние статьи автора