Жаяу Мұса да скрипкада ойнаған

Скрипка – Еуропадан енген музыкалық аспап. Осыны ең алғаш қазақ даласына алып келген кім және қазақтан шыққан тұңғыш скрипкашы жайлы айтсаңыздар?
Гүлнұр Көлбай,
Қызылорда
Қазақ скрипка өнерінің бүгінгі өкілдерінің бірі, қазір «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымының бас ди­ректоры Дүйсен Қасейінов бұл сұ­раққа былай жауап берді: «Бізге музыкадан дәріс берген профессор Коган қазақтан шыққан тұңғыш ск­рипкашы деп Жаяу Мұсаны ай­та­тын. «Ақ сиса» сынды әннің ав­торы, белгілі сазгер кезінде жәр­меңкелерде, сон­дай-ақ ауыл ара­лап жүріп сырнай мен скрипка тартады екен».
Алайда ең бірінші арнайы му­зыкалық білім алған кәсіби ск­рип­кашы әрі Қазақстандағы скрип­ка мектебінің негізін қалаған тұл­ға – Әйткеш Толғанбаев. Шы­­ғыс Қазақстан облысы, Абай ау­данының Қарауыл ат­ты ауы­лында туылған әйгілі өнер­паз­ды ең алғаш ауылда ск­рип­ка тартып жүрген жерінен кө­­ріп, Алматыдағы музыкалық-пе­да­го­гикалық техникумға тү­суін қадағалаған композитор Ла­тиф Хамиди болыпты. Бір өкі­ніштісі, Әйткеш техникумда оқып жүргенде, Ұлы Отан соғысы басталып кетеді де, музыканттың болашақ жоспарының күл-тал­қанын шығарады. Соғыста жау тұтқынында болып, елге оралған өнерпазды кеңестік саясат «халық жауы» деген жаламен 25 жылға түрмеге қамайды.
Осылайша өне­рін дамытпақ түгілі, өз басымен қайғы болып кеткен Әйткеш өле-өлгенше құсалықтан арыла алмапты. Бүгінде оның туған жері Қарауылдағы бейітінің ба­сын­да скрипкадан ескерткіш тұр­ғызылған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста