«Жабық қала» ұғымы қандай?
«Жабық қала» деген атауға ие болған шаһарлар болады. Кеңестік кезеңде Қазақстанның көптеген қалалары «жабық» болған деседі. Мұндай атау ядролық қарулар мен полигондарға тікелей байланысты ма?
Мейірбек Болатұлы, Алматы
Иә, жабық қалалардың болатыны рас. Алайда қалалардың бұлай аталуы тек қана ядорлық қару мен полигондарға емес, сондай-ақ радиоактивті және тағы басқа материалдарды өңдейтін әскери нысандар орналасқан шаһарлар ерекше күзетке алынады. Кеңестер Одағында мұндай қалалар өте көп болған. Тіпті 15 республиканың барлығында болды десек, артық айтқандық емес. Бірақ Ресейде, Украина мен Қазақстанда жабық қалалар көп болған екен. Украинада дәл осындай 16 қала болса, біздің елде шаһары бар, елді мекені бар барлығы 15 орталық болған екен. Олардың арасында Курчатов, Байқоңыр, Шаған, Арал сияқты қалалар бар еді.