Халықаралық валюта қорының міндеттері қандай?

Теледидардан «ХВҚ пәлен деді, түген деді, ақша бөлді» деп жатады. Сол ХВҚ деген не?
Амангүл Момыш,
зейнеткер
ХВҚ – Халықаралық валюта қоры — БҰҰ-ның ма­ман­дандырылған мекемесі. Штаб-пәтері Ва­шинг­тонда орналасқан. 1944 жылғы 22 шілдеде БҰҰ-ның валюта-қар­жы мәселесіне арналған Бреттон-Вуд кон­ференциясында ұйымның Хар­тиясы әзірленді. ХВҚ-ның  тұжырымдамасына 1945 жылғы 27 желтоқсанда 29 ел қол қойды. ХВҚ Бреттон-Вуд жүйесінің бір бөлігі ретінде 1947 жылдың 1 наурызынан бастап жұмысқа кірісті. Сол жылы Францияға қордың тұңғыш несиесі берілді. Қазір ХВҚ 185 елдің басын біріктіріп отыр.
ХВҚ валюта бағамдарын реттеу, нормаларын бел­гілеу, олардың сақталуын бақылау, төлем­дер­дің көпжақты жүйесі және валюталық шектеуді жою жолымен халықаралық сауда мен валюта ынтымақтастығын дамытуға жәр­­демдесу үшін, сондай-ақ төлем баланс­тарының ауытқы­ма­лығына байланысты ва­лю­та қиындықтары кезін­де өз мүшелеріне кре­дит ресурстарын беру үшін құрылған. Әдетте несиемен бірге қордың шарттары мен ұсыныстары қоса жүреді.  
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста