Жуырда танысымнан халал квас пен халал сағыз болатынын естіп қалдым. Бұл қаншалықты шындыққа жанасымды? Халал квас, халал сағыз, халал косметика заттарының болатыны рас па?
Арай ТОҚТАБАЕВА, студент
Индустрия және сауда министрлігі халал өнімдерді стандарттайтын техникалық комитеттің мәліметінше, америкалық алып «Wrigley's» компаниясы өзінің желатин қосылмаған сағызын халал деп таныпты. «Wrigley's» компаниясының мамандары биылғы жылдың 8 қаңтарынан бастап «Kazakhstan International Halal Expo – 2010» көрмесінде өз өнімдерін, яғни халал сертификатына ие болған өнімдерінің тұсауын кескен.
Жалпы, мамандардың сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта халал-индустрияның әлемдік қаржы айналымы 1 триллион 300 миллион долларға жеткен. Сондай-ақ әлемдік деңгейдегі «Coca-Cola Company» және «Microsoft» секілді әлемдік бизнестің алпауыттары да Halal Foods MS 1500-2004 стандартының сертификатын алған. Сондықтан оқырман қауымда «халал өнімдері тек ет және ет өнімдерінен ғана алынады» деген түсінік болмауы керек. Бұл ретте мамандар «стандартына сәйкес таза, адал жолмен алынған өнімдер үнемі халал болып саналады» дейді...
Халал квас пен халал сағыз бола ма?
Последние статьи автора