Естуімше, жазғы демалыстарында шетелге барып жұмыс істеп және саяхаттап қайтқысы келетін жастардың саны жыл сайын артып келе жатқан көрінеді. Құпия болмаса, жастар осы бағдарлама аясында қанша мөлшерде жалақы табады?
Мейрамгүл ӘЛИАСҚАРОВА, Алматы
Сіздің бұл сауалыңызға АҚШ Бас консулдығы пресс атташесінің көмекшісі Рахия Бекбаева арқылы жауап алдық. Расымен де, Work and Travel бағдарламасына қатысқысы келетін жастар саны соңғы кездері көбейіп келеді екен. Мәселен, 2000 жылы аталмыш бағдарламаға 200-дей студент қатысса, 2011 жылы 4200 студент осы бағдарлама аясында АҚШ-қа барып қайтқан. Бізден баратын студенттер, негізінен, қонақүйлер мен мейрамханаларда, ойын-сауық парктерінде жұмыс істеп келеді. Олар ереже бойынша аптасына бес күн сегіз сағаттан жұмыс істейді. Сондай-ақ жұмыс берушілер бізден баратын студенттерге сағатына 7 доллардан кем төлемеуі тиіс. Студенттеріміздің көбісі екі жерде жұмыс істейді. Осылайша олар үш айда 2000-4000 АҚШ доллары арасында жалақы алып қайтады екен.
Work and Travel-мен жұмыс істеп, қанша ақша табуға болады?
Последние статьи автора