Волейбол ойынында керiлетiн тордың өлшемдерi қандай болуы? Әрi ол жерден қанша метр биiктiкте керiледi?
Ринат ОСПАНБАЙ, Алматы
Волейбол торының ұзындығы – 9,5 метр, ал енi – 1 метр болады. Тор көздерi – 10х10 см. Тор ерлер үшiн жерден 2,43 м биiктiкте керiледi (Яғни тордың керiлiп тұрған үстiңгi жағы мен еденнiң арасы 2,43 м болуы керек). Ал әйелдер үшiн тор еденнен 2,24 м биiктiкте керiледi. Сондай-ақ жасөспiрiмдер мен жеткiншектердiң үш тобына арналып бекiтiлген нұсқалары да бар. Тордың екi жағында тiгiнен болат сым (антенна) бекiтiледi. Доп осы болат сымның сыртымен өтпеуi керек.
Жалпы, волейбол ойыны 9х18 метрден тұратын тiктөртбұрышты алаңда ойналады. Алайда волейбол алаңының сырты ойыншылар емiн-еркiн қозғалып, ойнай алатын бос алаңмен қамтамасыз етiлуi қажет. Төсенiшi ағаш еден немесе синтетикалық төсенiш болып келедi. Негiзi, волейбол ойналатын алаңның биiктiгi 12,5 метрден кем болмауы тиiс.
Волейбол торын қалай керемiз?
Последние статьи автора