Ұзынағаш маңындағы ескерткіш қай Колпаковскийдікі?
Алматы маңындағы Ұзынағаш ауылында Колпаковский деген есімге арналған ескерткіш бар. Бұл ескерткіш сол казак отрядтарының жетекшісіне қойылған ба?
Ринат, Алматы облысы
Иә, Алматы облысы Ұзынағаш ауылындағы ескерткіш Колпаковский Герасим Алевсеевичке қойылған. Және оны атаман Колпаковскийдің өзі тұрғыздырған.
Патшаның Жетісу жерін біржола жаулап алмақ пиғылын 1855 жылы казактардың атаманы Колпаковский жүзеге асырған еді. Жетісу үшін болған соғыс Ұзынағаш маңында болып, қазақтар жеңіліс табады. Ұзынағаш соғысын орыстар өздерінің үлкен ерлігіне санап, Колпаковский Ұзынағаштың дөңіне өзіне арнап ескерткіш салдырады. Басына самұрық қондырып, сол жерде ұлы дүбір той жасатады. 1921 жылы ұйымдасқан қазақ-қырғыздың жалшы-батырақтары тұңғыш тойында сол Колпаковский ескерткішінің басындағы самұрық белгісін сындырып кетті. Осы күні самұрығы сынған қалпында тұр. (Сауалға тарихшы Тілеу Көлбай жауап берді).