Картада Британия аралдары бір мемлекет ретінде көрсетілгенімен, футболда Ұлыбритания құрамына кіретін төрт мемлекет бөлек-бөлек өнер көрсетеді. Басқа спорт түрлерінде бір ту астына бірігетін олар футболда неге енші алып, бөлек кеткен?
Өмір Ауданбайұлы, Маңғыстау облысы
Футболдан Ұлыбритания құрама командасы тек Олимпиада ойындары мен жолдастық кездесулер кезінде бірігеді. Ал Еуропа чемпионаты және әлем біріншілігі сынды дүбірлі додаға олар бірге қатысқан емес. «Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Олимпиадалық құрамасы» деп аталатын ұжым Олимпиада ойындарының үш мәрте чемпионы. Ұлыбританияның Олимпиада комитетіне қарайтын құрама 1972 жылға дейін өнер көрсетті. Ал 1974 жылы Англия футбол қауымдастығының шешімімен тарап кеткен. Бүгінгі күні құрама ойыншылары жиналмайды, тиісінше матчтар да өтпейді. Бірақ «келесі жылы Тұманды Альбионда өтетін Олимпиада ойындарына Ұлыбритания бір құрама болып қатысады» деп ресми түрде хабар-лады ұйымдастырушылар. Қазіргі таңда Ұлыбританияның атын ірі футбол турнирлерінде Англия, Шотландия, Уэльс және Солтүстік Ирландия құрамалары шығарып жүр. Әрқайсысы – ФИФА мен УЕФА-ның толыққанды, заңды мүшелері.
Ұлыбритания құрамасы футболда ғана жоқ екен...
Последние статьи автора