Елімізде Ұлттық зияткерлік меншік институты жұмыс істейді деп естіп едім. Ол оқу орны болып санала ма? Оның мақсат-міндеттері қандай?
Айбар КЕНЕНБАЙҰЛЫ, Ақтөбе қаласы
Ұлттық зияткерлік меншік институты ҚР Зияткерлік меншік құқығы комитетінің филиалы ретінде 2006 жылы құрылған. Филиал тұлғаларға, зияткерлік меншік нысандарына құқықтық рәсімдеу кезінде практикалық және кеңестік көмек көрсететін, елімізбен қатар таяу және шалғай шетелдердің патенттік ведомствосына өтінім беру және қарастыру кезеңінде өтінім берушінің шығындары мен тәуекелін ең аз көлемге дейін төмендетуге мүмкіндік беретін мекеме болып табылады. Бұл институт оқу орнына жатпайды, алайда оның құрылымында Оқу орталығы бар. Оқу орталығы қызметінің негізгі бағыты – зияткерлік меншікті қорғау, сақтау саласында мамандарды даярлау және қайта даярлау, сонымен қатар зияткерлік меншікпен байланысты бағыттардың дамуында қызығушылық танытқан барлық тұлғалардың білім деңгейін көтеру.
Филиал мамандары – аталған қызмет саласындағы биік тәжірибелі және біршама жұмыс өтіліне ие жоғары білікті сарапшылар оқыту және тақырыптық курстар, куәлік пен сертификаттар берілетін семинарлар, сонымен қатар зияткерлік меншік нысандарын қорғау, сақтау, пайдалану және бағалау мәселелері бойынша конференциялар мен дөңгелек үстелдер өткізеді. Аталған институт сондай-ақ авторлық құқық пен аралас құқықты, тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын, өнертабысты, пайдалы модельді, өнеркәсіптік үлгіні, селекциялық жетістікті тіркеуге құжаттарды рәсімдеуді жүзеге асырады.
Ұлттық зияткерлік меншік институты немен айналысады?
Последние статьи автора