Ұлттық зияткерлік меншік институты немен айналысады?

Ұлттық зияткерлік меншік институты немен айналысады?

Елімізде Ұлттық зияткерлік меншік институты жұмыс істейді деп естіп едім. Ол оқу орны болып санала ма? Оның мақсат-міндеттері қандай?
Айбар КЕНЕНБАЙҰЛЫ,
Ақтөбе қаласы

Ұлттық зияткерлік меншік инс­ти­туты ҚР Зияткерлік меншік құқы­ғы ко­ми­тетінің филиалы ретінде 2006 жылы құрылған. Филиал тұл­ға­ларға, зияткер­лік меншік нысан­дарына құқықтық рәсімдеу кезінде практикалық және ке­ңес­тік көмек көрсе­тетін, елімізбен қатар таяу және шалғай шетелдердің патенттік ведомс­твосына өтінім беру және қарас­тыру кезеңінде өтінім беруші­нің шығын­дары мен тәуе­ке­лін ең аз көлемге дейін төмендетуге мүмкін­дік беретін мекеме болып табы­лады. Бұл институт оқу орны­на жат­пайды, алайда оның құры­лымында Оқу орта­лы­ғы бар. Оқу орта­лығы қыз­метінің негізгі бағыты – зият­кер­лік меншікті қорғау, сақтау сала­сында ма­ман­дарды даярлау және қайта даярлау, сонымен қатар зияткер­лік меншікпен байланысты бағыт­тардың дамуында қызығушы­лық та­ныт­­қан барлық тұлға­лар­дың білім деңгейін көтеру.
Филиал мамандары – аталған қыз­мет  саласындағы биік тәжіри­белі және біршама жұмыс өтіліне ие жоғары бі­лік­ті сарапшылар оқыту және тақырып­тық курстар, куәлік пен сертификаттар бері­летін семи­нарлар, сонымен қатар зият­кер­лік меншік нысандарын қорғау, сақ­тау, пайдалану және бағалау мәсе­ле­­лері бойынша конференциялар мен  дөңгелек үстелдер өткізеді. Атал­ған институт сондай-ақ авторлық құқық пен аралас құқықты, тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын, өнерта­быс­ты, пайда­лы модельді, өнеркә­сіптік үлгіні, селек­ция­лық жетіс­тікті тіркеуге құжат­тарды рәсім­деуді жүзеге асырады.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста