Жуырда Алматыда қолөнерге баулитын орталық ашылды деп естідім. Сол туралы мағлұмат берсеңіздер екен.
Гүлжаһан Көлбаева, Алматы қаласы
Алматыда қолданбалы өнерге үйрететін орталық ҚР Сауда-өнеркәсіптік палатасы және «Жаңа Нұр» туристік компаниясының бастамасымен ашылды. Орталықтың мақсаты – ежелден үзілмей жетіп, ел ішінде сақталған қолөнер дәстүрлерін дамыту. Орталық тері бұйымдары мен қыш құмыра өндірісі, зергерлік пен ұсталық, тоқыма және тігін шеберлігі бойынша дәріс береді. Сондай-ақ мұнда он саусағынан өнері тамған халық шеберлері туындыларының тұрақты көрмесі жұмыс істейтін болады. Айта кету керек, бұл өнер орталығын ашу – 2011 жылы өтетін Азия ойындарына әзірлік шеңберіндегі шараның бірі. Сауда-өнеркәсіптік палатасының вице-президенті Серік Тұржановтың айтуынша, спорт сайысына келген жұртшылық қолөнер орталығы арқылы халқымыздың ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүріне қанығады.
Ұлттық қолөнер орталығы ашылды
Последние статьи автора