Ұйым туралы ұғым
ЭСКАТО ұйымы жайында жан-жақты білгіміз келеді және оның біздің еліміздегі рөлі қандай?
Естай Нартайұлы, Өскемен қаласы
ЭСКАТО – Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия және Тынық мұхиты өңіріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы. Бұл комиссия 1947 жылы ЭКОСОС қарарына сәйкес Шанхай қаласында (Қытай) бекітілген. 1974 жылға дейін ол Азия мен Қиыр Шығысқа арналған экономикалық комиссия деп аталған. Комиссияның штаб-пәтері Бангкокта (Таиланд) орналасқан. ЭСКАТО-ға Азия мен Тынық мұхиты аймағындағы 53 мемлекет мүше болып табылады. Мақсаты: ұйымға мүше-мемлекеттердің әлеуметтік және экономикалық теңсіздікті түзетуге байланысты ынтымақтастығына ашық және тең мүмкіндіктер жасау. Экономикалық өсімді жаңа әлеуметтік проблемаларды шешуде, ЭСКАТО-ның жаһанданудың үш үрдісі барысында әлеуметтік стратегияны тиімді жүзеге асырды. Қазақстан ЭСКАТО-ға 1992 жылдың 31 шілдесінде мүше болып қабылданды. 2007 жылдың 17-23 мамыр аралығында ЭСКАТО-ның 63-ші сессиясы Алматы қаласында өтті.
Қазақстан Президентінің Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия мемлекеттеріне арналған Арнайы бағдарламасы бар. Бұл бағдарламаға Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан, кейін оған Түрікменстан, Әзірбайжан және Ауғанстан қосылған болатын. Міне, осы бағдарламаға мүше мемлекеттердің экономикалық даму мүмкіндіктері Азия мен Тынық мұхиты елдерімен арадағы экономикалық байланысты нығайтпақ. Осы негізде ЭСКАТО рөлі айрықша.