Қыста үйіміздің іші азынап кетеді. Білгіштер терезе ауыстыру керек деп ақыл айтады.
Зина КӨПЖАСАРОВА
Бастапқыда терезе деген кішкентай ғана еді, әрі не болса сонымен жабылатын. Шыны шыққаннан кейін терезе атаулы үлкен етіп салына бастады. Алайда үлкен терезенің кемшілігі де көп кешікпей білініп қалды. Өйткені қыста үйдің жылуы сыртқа оп-оңай шығады да, жазда ысып кетеді.
Мамандар осы кемшілікті жою үшін әжептәуір басын қатырды. Сөйтіп, қазір қала тұрғындары арасында сәнге айналған шыны пакеті дүниеге келді. Мұндай шыны бетіндегі арнайы жабудың (LowE) жылу сақтағыштығы кәдімгі кірпіш қабырғадан асып түседі. Сондықтан терезені ауыстыру керек деген кеңестің жаны бар.