Тұз – тісті ағартуда таптырмайтын құрал
Стоматологке барып, медициналық жолмен тісті ағарту оның эмалін кетіреді деп естідім. Ендеше, ешқандай дәріге жүгінбей-ақ, тісті ағартудың жолы бар ма?
Жаннұр, Алматы қаласы
Негізінен, тісіңіз ауырмасын әрі маржандай болсын десеңіз, онда алдымен тісті дер кезінде тазалап отыру керек. Ал ағартуға келсек, әрине, оған үй жағдайында қарапайым заттардың көмегімен қол жеткізуге болады. Мәселен, кәдімгі ас тұзының қасиеті өте зор. Себебі күнделікті тісіңізді күніне 3-4 мәрте тұзды сумен шайып отыру оларды маржандай етіп ағартып қана қоймай, күні бойына ауыз қуысын тап-таза етіп сақтайды. Тұзды ерітпей-ақ құрғақтай тіс щеткасымен алып, тісті ысқылауға болады. Тағы бір қарапайым рецепт: жарты шай қасық ас содасына, жарты шай қасық сіркесуын қосып, шымшымдап ас тұзын араластырыңыз да, сол қоймалжың ерітіндіні тісіңізге жағып, 3-5 минут ұстаңыз да, шайып тастаңыз. Әрі арзан, әрі сондай жақсы нәтижеге жеткізетін әдіс сізді стоматологтен құтқаратыны сөзсіз.