Тәуелсіздігі көп елдер тарапынан таныла қоймаған Тайвань елі Ресейдің құрамындағы Тува Республикасын өз жері дейді. Бұл шынымен солай ма?
Серік Алдамжаров, Алматы облысы
Мұндай күрделі мәселеге төрелік айту қиын. Дегенмен бұлай болуының қысқаша тарихын баян еткен артық болмас. Бір кездері Танну-Ұранхай, одан кейін Танну-Тува Халықтық Республикасы деп аталып келген Тува елінің нойондары Ресей империясының протектораттығын қабылдауын сұрап жүріп, ақыры 1944 жылы автономиялық облыс ретінде КСРО-ның құрамына енді. Бұған дейін маньчжурлік Цинь империясына бағынышты болған бұл ел 1911 жылы Қытайдан тәуелсіздігін жариялаған болатын. Алайда Қытай оның тәуелсіздігін таныған жоқ. Солай бола тұра Мао Цзедуньнан жеңіліп, Тайвань аралына қашып барған гоминьдандық Қытай үкіметі Тува жерін өзінікі деп санайды. Қазіргі Тайваньда гоминьдандықтар билігінің дәурені бітті. Тәуелсіздігін ҚХР мойындамай отырған Тайваньның Ресей құрамындағы Туваға шүйлігуі қисынсыз әрі күлкілі сияқты.
Тува Тайваньның жері ме еді?
Последние статьи автора