Тұрар Рысқұлов түркілік идеяны қолдаған дегенді жиі естиміз. Ол кісі сол тұста бүгінгі Түркия Республикасының негізін салған Мұстафа Кемал Ататүрікті қолдаған ба?
Жанайым, Есік қаласы
Тұрар Рысқұлов түркілік идеяны жүзеге асыруға көп еңбек сіңірді. Мысалы, 1919 жылдың өзінде сол кездегі Түркістан Республикасының құрамындағы Сырдария облысы мен Жетісу облысын Қазақстанға қосып, Ташкент қаласын бүкіл түркілерді шоғырландыратын астана жасауды, соның негізінде жалпы Түрік Республикасын құруды ұсынған. Тіпті 1921 жылы Әзірбайжан Компартиясының ІІІ съезінде сөйлеген сөзінде сіз айтып отырған Мұстафа Кемал Ататүріктің идеясын қолдап, Ататүрік бастаған ұлт-азаттық көтеріліске оң көзқарас танытқан. Сонымен қатар, сол кезеңде Тұрар Рысқұлов Азия құрлығындағы Қытай, Үндістан секілді мемлекеттерде болған көтерілістер мен ұлттық қозғалыстардың келешегін болжап, жеңіске жететінін айтқан.
Тұрар Рысқұлов Ататүрікті қолдаған ба?
Последние статьи автора