Тұңғыш дипломат кім?

Қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби дипломат кім еді және ол қай елдермен дипломатиялық байланыстар орнатты?
Нұржан ҚҰНыПИЯНОВ,
Алматы

Қазақтың тұңғыш кәсіби дипломаты – ұлтымыздың арасынан шыққан тарихи тұлғалардың бірі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Нәзір Төреқұлов. Ол – өткен ғасырдың басында егемен ел болу үшін өлшеусіз тер төккен Алаш қайраткері. Нәзір Төреқұлов алғаш рет Сауд Арабиясы мен КСРО арасында достық және дипломатиялық қатынас орнатуға зор үлес қосты. Өзінің дипломатиялық дарыны арқылы Ұлыбритания, Фран­ция және АҚШ-тың КСРО-ға деген позицияларын әлсіретіп, ислам әлемінде­гі саяси ықпалын нығайтқан. 1936 жы­лы Кеңес өкіметі сыртқы саясатында Сауд Арабиясы бағытын қажетсіз деп санағандықтан, Н.Төреқұлов бұл ел­ден қайтып келді. Соның нәтижесінде Арабия жартыаралында америкалықтар өз мүддесін іске асыруға мүмкіндік алды. Арада бірнеше жыл өтісімен Сауд Арабиясы елі мұнай шикізат өнімдерін өндірудің экспорттаушы орталығына айналды, АҚШ қазіргі таңда аймақта өз позициясын барынша нығайтты. Н.Төреқұловтың КСРО дипломатиясы мен саяси тарихындағы алар орны ерекше екендігіне қарамастан, Алаштың абзал арыстары С.Қожанов, Т.Рысқұлов, С.Сейфуллин сияқты Н.Төреқұлов та Кеңес өкіметінің солақай саясатының құрбаны болды. Бір айырмашылығы, Н.Төреқұлов дербес мемлекет құруды армандаған алашордалықтардың құрамында бол­ғаны үшін емес, мұсылман елдері өкілдерімен тығыз байланыста болғаны және мұсылмандық дінді сақтап қалуды үгіттегені үшін кеңестік жендеттердің қолынан мерт болды. Бірақ кеш болса да 1958 жылы толығымен ақталды.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста