Туған жердің түтіні де ыстық

Туған жердің түтіні де ыстық

Тәжікстаннан көшіп келген қазақтардың саны қанша екен? Олардың тұрмыс-тіршілігі жайлы білгім келеді.
Анар Нұрбапақызы,
Талдықорған қаласы

Бұл сұрақтың жауабын да аталмыш ұйым өкілдерінен біл­дік:
– Бүгінгі күні «Нұрлы көш» бағ­дарламасымен Тәжікстаннан 2752 отбасы, яғни 11 657 қазақ Қазақ­станға көшкен. Бұл бағдар­лама жөнінде ондағы қазақтар жақсы біледі. Елге көшкісі келетін­дердің түрлі себептері баршылық, көбінің қалтасы көтермейді, кейбі­рінің ұлты басқаша болып жазылып кеткен. Биылғы жылы Көкшетау маңындағы «Қызыл жар» қалашы­ғына қоныстанған ағайындар дән риза. Олар келе сала екі айдың ішін­де азаматтық та, үй де алған. Қазақ­станда жаңа ортаға тез бейімделгені байқалады. Олардың көңіл күйі жақсарып, киім киіс, жүріс-тұрыстары еуропаша болға­нын Тәжікстанда қалған қазақтар айтады. Яғни «Отан – оттан да ыстық» демекші, көңіл күйдің өзі адамдарға қуат беретіні аян.
Осы орайда Қытайда тұратын ағайындардың «Нұрлы көшпен» келмек түгілі Үрімжідегі консул­дықтан Қазақстанға виза алуының өзі мұң болып жүргені жасырын емес. Бір ауылдан бір ауылға көшу оңай шаруа емес, ал бір мемлекет­тен екінші мемлекетке көшу үшін қанша күш-жігер керек? Ал көше­мін деген ағайынға қол ұшын берудің орнына кедергі келтіретін, артық айтсақ, кешіре жатсын, намыссыз шенеунік­тер қаншама? Осыларды ойлай отырып Тәжік-­­ с­тандағы Қазақстан Елшілігінің игі істерін насихаттап, кейбір елдегі елшіліктерге үлгі болса дейміз!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста