Тәуелсіз мемлекеттер достастығынан өз еркімен шығып кеткен елдер бар. ТМД-ға қазір қандай мемлекеттер мүше болып табылады?
Ермек ДЮЗКЕНОВ, Өскемен
Тәуелсіз мемлекеттер достастығының құрамынан тек Гүржістан ғана шықты. ТМД Жарлығының 9-бабында мүше мемлекеттердің достастық құрамынан шығуына құқылы екені туралы жазылған. Жарлықтағы осы бапты пайдаланып, 2008 жылдың 12 тамызында Гүржістан Президенті Михаил Саакашвили мәлімдеме жасады. Ал 14 тамыз күні Гүржістан ұйым қатарынан шығарылды. Ал Түрікменстан шартты түрде ұйымның құрамында қалғанымен, 2005 жылдан бастап ТМД-ның толыққанды мүшесі емес. Украина да аталған ұйымнан шығатынын бірнеше рет мәлімдеген болатын, алайда ТМД жарлығын ратификацияламағандықтан, Украина құқықтық жағынан алғанда, әлі күнге дейін ТМД-ның мүшесі емес. КСРО қанатының астынан шыққан 12 мемлекеттен (Балтық жағалауы елдерін қоспағанда) қазір ТМД-ға тоғыз ел толыққанды мүше екен.
ТМД-ның құрамы азайып бара ма?
Последние статьи автора