Тіл Олимпиадасында кім топ жарды?
«Қазақстан – атажұртым, қасиетім – ана тілім» халықаралық Олимпиадасының қорытындысы шықты ма, кімдер топ жарды?
Болат АРЛЕН, Талдықорған
«Қазақстан – атажұртым, қасиетім – ана тілім» Х халықаралық қазақ тілі мен әдебиеті пәндері Олимпиадасының марапаттау рәсімі «Шабыт» Қазақ ұлттық өнер университетінің Жамбыл атындағы концерттік залында өтті.
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының хабарлауынша, бұл бәйгеге әлемнің 11 бір елінен 99 үміткер қатысқан. 100-ге жуық жүйріктің ішінен І орынды Қытай елінен келген 12-сынып оқушылары Мақсат Ғымиыңнұрұлы мен Махаббат Тілебалды және Моңғол Халық Республикасының 10-сынып оқушысы Әсемгүл Әділбек иеленді. Өзбекстаннан келген екі қатысушы және Ресей, Моңғол, Қытайдан келген үміткерлер екінші орынға қол жеткізді. Ал үшінші орынды Қытай елінен келген үш оқушы мен Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғол, Ресей елдерінен білімділер бөлісті. Мұның сыртында бірқатар қатысушылар «Ең үздік шығарма», «Жеңіске деген талпынысы үшін» және «Ең жас қатысушы» аталымдары бойынша Мақтау қағаздарымен марапатталды.
Оқушылардың жетекшілеріне ҚР білім және ғылым министрінің және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының Алғысхаттары табыс етілді.