Теңіз бен мұхиттардың астында да өзен-көлдер болатынын естіп едім, сол рас па?
Тұмар ҚОҢҚЫШОВА, Астана
Иә, оның бір мысалы — Қара теңіздің астында ағып жатқан өзен. Бұл өзеннің ұзындығы — шамамен 68 шақырымды, ал жылдамдығы сағатына 7,5 шақырымды құрайды. Өзеннің екпіні Темзадан 350 есе артық, онда әр секундта 22 мың текше су көшеді. Теңіз астында орналасқан бұл өзеннің сарқырамасы да бар. Ғалымдардың болжауынша, егер бұл өзен құрлықта орналасқан болса, ол үлкендігі жағынан әлемдегі алтыншы болар еді. Бірақ оның бір ерекшелігі – суы тұщы емес, керісінше теңіз суынан гөрі әлдеқайда ащы. Соның есебінен судың тығыздығы жоғары көрсеткішке ие болып, теңіз суының астында ағады. Ғалымдардың айтуынша, теңіздің астында тек өзен ғана емес, көлдер де кездеседі. Бірақ оны әлі кеңінен зерттеу қажет.
Теңіз түбіндегі өзен
Последние статьи автора