Технология саласы дамыған бүгінгі қоғамда балаларымыздың қалта телефонымен кіммен сөйлесіп, кіммен хат жазысатынын, кімдермен араласатынын астыртын тыңдауға, бақылауға мүмкіндік бар ма?
Гүлзейнеп, Атырау
Әрине, әр ата-ана баласының қайда тұрып, қайда жүргеніне, немен айналысып жатқанына алаңдайды. Олардың жайын сағат сайын телефон шалып сұрап, қадағалап отырады. Десе де, жасөспірім кейде әке-шеше бақылауынан шығып, әртүрлі жайларға душар болып жатады. Мұндай сәтте сіз айтқан астыртын тыңдау мен баланың не істеп жүргенін технологияның көмегімен біліп отыру әркімнің-ақ арманы. Балаңыздың кіммен сөйлескенін, кіммен кездескенін білуге құқыңыз бар болғанымен, оған қол жеткізу мүмкін емес. Елімізде "OpenGsm" компаниясы телефон арқылы бақылау мен астыртын тыңдаудың жоғарғы технологиялық бағдарламасын жасаған болатын. Бұл – технологияның бұған мүмкіндігі жетеді деген сөз. Бірақ телефон байланысын реттейтін әр компанияның корпоративті қызығушылығы мен ішкі құпиялары болады. Оны мамандар сыртқа шығаруға, ондай тыңдайтын мүмкіндікті баршаның құзырына беруге қорқады. Себебі елдегі түрлі коммерциялық құпиялар ашылып, бәсекелестер бір-бірінің жолын кесуі, әркім қалаған адамның телефонына тыңдау қойып, қылмысты істердің орын алуы да мүмкін. Бұл мүмкіндікті тек қылмысты ашу мақсатында еліміздің құзыретті органдардың қызметкерлері арнайы прокуратураның санкциясы арқылы ғана пайдалана алады.
Телефонды астыртын тыңдауға рұқсат етіле ме?
Последние статьи автора