Осы жазда «Тазша бала» атты мультфильм шыққанын естіп едік. Оны балаларымыз қашан тамашалай алады екен?
Қазақ баласының ұлттық нақыштағы, қазақы бояуы бар мультфильмге сусап отырғаны жасырын емес. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін «Адал азамат» қоғамдық қоры анимациялық фильмдер әзірлеуді қолға алды. Қор басшыларының айтуынша, қазір «Тазша бала» мультфильмінің төртінші бөлімі жасалып жатыр. Туындыны кішкентай көрермендер жаңа жылдан кейін тамашалай бастайды. Қазіргі уақытта оған бірнеше телеарнадан сұраныс түсіп отыр екен.