Ерекше дарынды балаларды, әдетте, вундеркинд дейтіні белгілі. Ал баланың осындай айрықша талантын қалай ашуға болады?
Назым ҚАЛИ, Талдықорған
Талант дегеніміздің өзі – әлдебір мәдени құндылық жасауға деген қабілет. Ал дарын – талантты болудың әл-ауқаттық мүмкіндігі. Бар мәселе осы арадан туындайды. Талантты аша білу керек, өйткені мүмкіндік байқала бермеуі ықтимал. Мысалы, Наполеонды бала кезінде мұғалімдер «топас» деп есептеген, ал Эйнштейнді сабақ үлгерімінің нашарлығына байланысты мектептен қуған. Яғни дарынды балалардың барлығы бірдей өз мүмкіндіктерін талант ретінде жүзеге асыра алмайды. Таланттың ашылуы интеллект пен еңбекқорлық және шығармашылыққа бейімділік тәрізді үш негізгі қасиетке байланысты.
Интеллект 40-80 пайыз генетикалық жолмен беріледі. Мәселен, шахматқа жүйрік бала нақты ғылымдарға бейім, интеллектуал ата-аналар отбасында туылуы мүмкін. Ал шығармашылық дарынға келсек, бұл арада ғылымға да әлі белгісіз жайттар көп. Баланың музыкаға немесе суретшілікке бейім екенін дәл анықтап беретін ешқандай арнайы тест жоқ. Белгілі бір аспапта ойнағанына немесе салған суретіне қарап, баланың не нәрсеге таланты барын кәсіби маман ғана таразылай алады.
Талант қалай ашылады?
Последние статьи автора