Сырттай оқып жүрген маманға жалақы қалай төленеді?
Мен колледж бітіріп, жоғары оқу орнында сырттай оқып жүрмін. Мектепте жұмыс істегеніме бір жыл жеті ай болды. Маған жалақы қалай төленуі тиіс?
Мира ТӘПІШЕВА, Қостанай облысы
Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу басқармасының сарапшы маманының мәліметінше, азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы №1400 қаулысымен ( бұдан әрі – қаулы) реттеледі.
Қаулымен бекітілген Азаматтық қызметшілердің (білікті жұмысшыларды қоспағанда) санаттар бойынша лауазымдарының тізіліміне сәйкес, техникалық орындаушыларға, соның ішінде іс жүргізушіге еңбекақы төлеу G-14 санаты бойынша жүргізіледі.
Лауазымдық жалақыны есептеуде қолданылатын коэффициенттер қаулыға 2-қосымшамен бекітілген.
Бүгінгі күні БЛЖ мөлшері 17697 теңгені құрайды.
Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 25 қарашадағы № 385-ө бұйрығына сәйкес, іс жүргізушінің біліктілігіне қойылатын талаптар: жұмыс өтілін талап етпей, бастауыш және орта кәсіби білім немесе жалпы (толық) орта білім және белгілі бағдарлама бойынша арнайы дайындық.
Яғни аталған лауазым жоғары білім болғанын талап етпейді.