Суретшілер одағы қашан құрылған?

Қазақстан Суретшілер одағының тарихымен таныс болғым келеді. Бұл одақ қашан, қандай негізде құрылған?
Мұрат Қабыл,
Оңтүстік Қазақстан облысы
Қазақстандағы кез келген шығарма­шы­лық ұйым Кеңес өкіметінің «көркем үгіт на­си­хаты» үшін құрылған. Дегенмен кейін келе ұл­тымыз­дың перзенттері бұл ұйымдар­дың әрқайсысын қазақ халқының мүддесіне пай­далана білді.
Суретшілер одағы 1932 жылы жарық көр­ген «Әдеби-көркем ұйымдарды қайта құру туралы» қаулыға сәйкес, 1933 жылы құ­рыл­ды. Тұңғыш төрағасы болып В.Слад­ков сай­ланған. Одан кейін­гі кезеңдерде Ә.Қас­теев пен Х.Нау­рыз­баев сын­ды ұлты­мыз­дың мақ­таныш­тары басқарған.
Суретшілер одағының басты мақсаты – су­рет­шілердің көркемдік сапасы жоғары шы­ғар­маларды дүниеге әкелуіне және олардың шы­ғармашылық тұрғыда өсуіне ықпал ету. Бей­нелеу өнеріндегі шығарма­лар­ды кеңінен на­си­хаттау, осы салаға қа­тысты семинарлар мен кон­ференциялар өт­кізу де – осы одақтың не­гіз­гі міндеті. Сурет­шілер одағы тұңғыш рет 1934 жылы 8 мамырда Мәскеу қаласындағы Шығыс мәдениеті мұражайында ашылған «Ке­ңестік Қа­зақстан өнері» көрмесіне қатыс­қан. Сол кез­де Н.Крутильников, Қ.Қожықов, Ө.Ис­маилов т.б. суретшілердің шығармалары қо­йылған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста