Осыдан екі жыл бұрын бір танысыма банктен ақша алып берген болатынмын. Содан кейін ол ізін суытып кетті. Жақында оның алты жылға сотталып кеткенін естідім. Сосын Қаржы полициясына мен де оның үстінен шағым түсірдім. Қазір іс әлі сотқа өтпеген, бірақ тергеу жүргізіліп жатыр. Шынымды айтсам, оған бұрын сот тағайындаған жаза мерзіміне мерзім қостырғанда мен не ұтамын? Одан да бөліп берсе де, ақшамды өндіріп алсам деймін. Оған ақшаны төлейтіні туралы қолхат жаздырып алсам, бәлкім, ол ақшаны төлеуден бас тартып, жалтара алмайтын шығар деп ойлаймын.
Марат Төреханұлы, Алматы қаласы
Сіздің сұрағыңызға жауап беру үшін біз заңгер мамандардың пікіріне жүгінген едік. «Бұл азамат Қаржы полициясына шағым түсірген болса, іс міндетті түрде тергеуден кейін сотқа өтеді. Сондықтан сотта іс қаралып жатқан кезде жаза тағайындау үшін пікірі сұралады. Сол кезде өзінің басты мақсаты – оның мерзіміне мерзім қостыру емес, ақшасын өндіру екендігін және соттан сол ақшаны сотталушыдан өндіріп беруді, сондай-ақ сотталушыға қандай жаза тағайындау керектігі туралы ұсынысын да сол кезде өзі айтады», –дейді заңгерлер.
Сотталған алаяқтан ақшамды өндіре аламын ба?
Последние статьи автора