Сәбиім дүниеге келгеннен алты айдан кейін шетінеп кетті. Мен сәби күтіміне арналған жәрдемақы үшін құжат тапсырып, тиісті төлемдерді ала бастағанмын. Енді қыркүйектің алғашқы күні анадай жағдай болды. Білейін дегенім, балам қайтыс болған ай үшін маған жәрдемақы төлене ме?
Сағира Аязбаева, Қызылорда облысы
ҚР «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңының баптарына сәйкес, сәби күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдер анаға баланың туу туралы куәлігінде жазылған туған күнінен бастап, бір жасқа жеткен уақыты аралығына белгіленеді. Сәби бір жасқа толмай шетінеп кеткен жағдайда жәрдемақы сол айға да төленеді. Сәби қайтыс болған айдан кейінгі айдан бастап әлеуметтік төлемдер тоқтатылады.
Шетінеп кеткен сәбидің жәрдемақысы қай кезде тоқтатылады?
Последние статьи автора