Шетелдік діни бірлестік басшылығына үміткер қандай құжат өткізеді?

Қазақстанда шетелдік діни бірлестіктердің жетекшілері қандай тәртіп бойынша бекітіледі? Басшылыққа үміткер қандай құжатты өткізеді?
Марал Қонысқалиева,
Алматы
Бұл мәселе Қазақстан Республи­ка­сының 2011 жылғы 11 қазандағы Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы №483-ІV Заңының 19-бабында қарас­ты­рыл­ған: 1. Шетелдік діни орталық уә­кілетті органмен келіспей тағайында­ған діни бірлестік басшысының қызметін жүзеге асыруына жол берілмейді. 2. Шетелдік діни орталық діни бірлестіктің басшысы лауазымына кандидатты келісу үшін уәкілетті органға мынадай құ­жаттарды: 1) кандидат туралы, оның шетел­дік діни орталықтағы бұрынғы қызметі туралы мәліметтер қамтылған қолдаухатты; 2) кандидатты Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін діни бірлестіктің басшысы етіп тағайындау туралы шешімді; 3) діни бірлестіктің басшысы лауазымына кандидаттың паспортының немесе жеке куәлігінің көшірмесін ұсынады.
Құжаттар қазақ және орыс тілдеріне аудармасының дұрыстығын Қазақ­стан Республикасында нотариат куә­ландыр­ған және аударманы жүзеге асыр­ған аудармашы қолының түп­нұсқалығын Қазақстан Республикасында нотариат куәландырған тү­рін­де табыс етіледі. 3. Осы баптың 2-тар­мағында көрсетілген құжаттар­ды уәкілетті орган олардың ұсыныл­ған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды. 4. Егер Қазақстан Республикасындағы діни бірлестік басшысының қызметі конституция­лық құрылысқа, қоғамдық тәртіпке, адам құқықтары мен бостан­дық­та­рына, халықтың денсаулығы мен иман­ды­лығына қатер төндіретін бол­са, уәкі­летті орган шетелдік діни ор­та­лықтың оны тағайындауына ке­лісу­ден бас тартады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста