Сауықтыру ақысы мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің бәріне беріле ме?

Сауықтыру ақысы мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің бәріне беріле ме?

Биыл оқуды бітіріп, мемлекеттік мекемеге жұмысқа орналастым. Менің білгім келгені, еңбек демалысын қанша уақыт жұмыс істеген соң алуға болады? Сауықтыру жәрдемақысы кез келген мемлекеттік мекеме  қызметкерлеріне беріле ме?
Ерсін ЖҮРСІНБЕКОВ,
Алматы облысы
Сарапшы маманның айтуынша, ҚР Еңбек кодексінің 105-бабына сәйкес, қызметкерге жұмыс iстеген бiрiншi және келесi жылдары үшiн жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы тарап­тардың келiсiмi бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында берiледi. Сонымен бірге кодекстің 107-бабы бойынша қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын берудiң кезектiлiгi еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс берушi қызмет­керлердiң пiкiрiн ескере отырып бекiтетiн демалыс кестесiнде белгiленедi. Демалыс кестелерi өндiрiстiк қажеттiлiкке бай­ланысты өзгертiлген жағдайда жұмыс берушi бұл туралы қызметкерге еңбек демалысы басталар­дан кемiнде екi апта бұрын хабарлауға мiндеттi.
Кодекстің 239-бабына сәйкес, мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын азаматтық қызмет­шiлерге лауазымдық жалақысы мөлшерiнде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене оты­рып, ұзақтығы күнтiзбелiк 30 күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берiледi. Азаматтық қызметшiлерге сауықтыруға арналған жәрдемақы күнтiзбелiк жылда бiр рет төленедi.
Кодекстің 1-бабында азаматтық қызметшi – Қазақстан Республикасының заң­намасында белгiленген тәртiппен қазыналық кәсiп­орын­дарда, мемлекеттiк мекемелерде ақылы штаттық лауазымда iстейтiн және олардың мiндеттерi мен функцияларын iске асыру және мемлекеттiк органдарға техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыру мен олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында лауазымдық өкiлеттiктердi жүзеге асыратын адам деп бел­гіленген.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста