Колхоз-совхоздар тараған тұста жиырмаға жуық отбасы бірігіп, жеке шаруақожалық құрған едік. Қазір сол жиырма үйлік ұжымшардың барлық жерін шаруа қожалықтың басшысы ғана пайдаланып отыр... Бұл қаншалықты заңға негізді екенін білгім келеді.
Кеңесхан, Алматы облысы
Шаруақожалықтың мүлкi ортақ бiрлескен мүлік болып саналады. Сол үшін де ортақ үлестiк меншiк құқығында көрсетілгендей, ол мүлік қожалықтың барлық мүшелерiне тиесiлi болуы керек. Шаруа (фермер) қожалығы мүшелерiнiң меншiгiнде жер учаскесiндегi екпелер, шаруашылыққа арналған және өзге де қора-қопсылар, мелиорациялық және басқа да құрылыстар, өнiм беретiн және жұмысқа жегiлетiн мал, құс, ауыл шаруашылығына арналған және өзге де техника мен жабдықтар, көлiк құралдары, керек-жарақтар және қожалық үшiн оның мүшелерiнiң ортақ қаражатына сатып алынған басқа да мүлiктер мүшелер арасындағы келiсiм бойынша пайдаланылуы тиіс. Сондықтан да сізге шаруа (фермер) қожалығы мүшелерiнiң мүлiктiк қатынастары азаматтық және жер туралы заңдардың тиiстi нормаларымен реттелетінін ескерткіміз келеді.
Шаруақожалық мүлкіне кім иелік етеді?
Последние статьи автора